Запись на консультацию
Администратор перезвонит и запишет вас на консультацию
Жұлдызша тәрізді ұсақ тамырлар
Науқас аяғындағы ұсақ тамырларға шағымданып келді. Косметикалық ақауға байланысты аяғын ашып жүре алмай, көйлек кимей, үнемі өзін ыңғайсыз сезінген.
CLaCS процедурасы жасалды. Бұл әдіс ұсақ капиллярларды (жұлдызша тәрізді ұсақ тамырлард) емдеудегі алтын стандарт болып саналады.
3 айдан кейін бақылау тексерісі жасалды.
Науқас нәтижеге толықтай риза.
Классикалық варикоз
Науқас аяғының тамыры тартылып ауыруына, аяқтағы ауырлық сезіміне шағымданды. Әсіресе күннің соңына қарай аяқтары қатты ісініп, қатты шаршайтын, түнде балтыр тартылып, тырысу мазалайтын.
УДЗ-консультация кезінде варикоздың 3-сатысы анықталды. 30 минуттың ішінде аяққа отасыз, наркозсыз, ауырсынусыз - эндовазальды лазерлік облитерация және varady әдісімен минифлебэктомия жасалды. Процедурадан кейін ауруханаға жатқызу қажет болмады. Науқас 2 сағат клиникада бақылауда болып, кейін үйіне қайтты.
3 айдан кейін бақылау тексерісі жүргізілді. Процедурадан кейін науқастың жағдайы өте жақсы. Ауырсыну, ісіну, ауырлық сезімі, түнгі тырысулар мүлде жоғалды. Шығыңқы веналар жойылды, ал тыртықтар қалған жоқ, себебі процедура тіліксіз (кесусіз) жасалды.
Трофикалық жара
Науқас варикоздың соңғы сатысында келді. Бұл кезең трофикалық жараның пайда болуымен сипатталады. Басында науқас терінің қатайғанын, балтыр тұсында сұр-көк дақтардың пайда болғанын байқаған. Сонымен қатар аяқтағы тұрақты ауырсыну, ауырлық сезімі және қышыну мазалаған. Көп ұзамай қасудан зақымданған жерде жара пайда болып, аз ғана тигеннің өзінде қатты ауырсыну тудырған және іріңді процесс басталған.
УДЗ-консультация кезінде трофикалық жарамен асқынған варикоздың 5-сатысы анықталды.
30 минуттың ішінде аяққа отасыз, наркозсыз, ауырсынусыз - эндовазальды лазерлік облитерация және varady әдісімен минифлебэктомия жасалды. Процедурадан кейін ауруханаға жатқызу қажет болмады. Науқас 2 сағат клиникада бақылауда болып, кейін үйіне қайтты.
3 айдан кейін бақылау тексерісі өткізілді. Науқаста барлық іріңді процестер тоқтады, жаралар толықтай жазылды. Зақымданған аймақтың көлемі кішірейді. Енді толық қалпына келу үшін уақыт пен тұрақты күтім қажет.
Жатыр варикозы
Науқас жыныс мүшелеріндегі, жыныс еріндеріндеріндегі және аяқтың төменгі бөлігіндегі варикозға және ауырсынуға шағымданып келді.
Ұзақ уақыт бойы оны гениталия аймағында, іштің төменгі бөлігінде және аяқтарында ауырлық сезімі мазалаған. Ай сайынғы еттеккір кезінде, статикалық жүктемелер немесе жыныстық қатынас кезінде бұл ауырсыну күшейген. Науқастың айтуынша, варикоз екінші жүктіліктен кейін пайда болып, босанған соң жоғалған. Бірақ үшінші жүктілік кезінде варикоз қайта шыққан және өкінішке орай, шығыңқы веналар екінші жүктіліктегі сияқты кетіп қалмаған.
УДЗ-консультация кезінде кіші жамбастың варикозы (аналық безінің веналарының варикозы) анықталды, ол бастапқыда жыныс мүшелері аймағында болған, кейін аяқтарға таралған. Бұл түрдегі варикоз ауырсынумен қатар босану кезінде қан кету қаупін де туғызады.
15 минутта склеротерапия процедурасы жасалды. Бір сеанста кіші жамбастың және аяқтың варикозы емделді.
3 айдан кейін бақылау тексерісінде кіші жамбастың және аяқтың варикозы анықталған жоқ. Науқаста етеккір және жыныстық қатынас кезінде тартылып ауыратын ауырсыну жоқ. Сондай-ақ науқас ұзақ уақыт тұрып жұмыс істегенде де ауырсыну жоғалғанын атап өтті.
Консультация + УЗИ вен нижних конечностей
Высокотехнологичное оборудование позволяет проводить максимально информативные и достоверные исследования — это обеспечивает точность диагнозов и назначение максимально эффективного лечения.
— Выявляем причину
— Просматриваем состояние ног, здоровье вен
— Назначаем лечение
Склеротерапия
Варикозды веналардың, әсіресе диаметрі кіші тамырларды (ұсақ тамырларды) емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі.
— Вена ішіне арнайы препарат — «склерозант» енгізіледі.
— Склеротерапияның нәтижесі ем басталғаннан кейін 2–3 ай ішінде байқалады.
Удаление венозных сеточек методом КЛаКС (CLaCS)
Процедура барысында тері үнемі салқындатылып тұрады, бұл емді барынша жайлы әрі ауырсынусыз етеді.
— Процедура кезінде тамыр бірден жойылады немесе қарайып, бірнеше апта ішінде толық кетіп қалады.
— Процедурадан кейін әсер етілген аймақта аздап қызару байқалуы мүмкін, ол 2–3 сағат ішінде басылады.
— Бұл әдіс кез келген қарсы әсерлерді, әсіресе гиперпигментацияны барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Лазермен емдеудің ең заманауи технологиялары (ЭВЛК)
Эндовенозды лазерлік коагуляция
Biolitec (жоғары технологиялық медициналық жабдық өндіруде әлемдік көшбасшы) компаниясының бір реттік радиалды жарық өткізгіштері (световод) қолданылады.
Бұл жарық өткізгіштер кез келген диаметрдегі веналарды жабуға мүмкіндік береді.
— Технологияны қолдану кезінде гемоглобин бұзылмайды.
— Науқас үшін ең қауіпсіз әдіс.
— Ота жергілікті анестезиямен жасалады.
— Емнің тиімділігі 100%
Сіз күтіп жүргенде, варикоз асқына береді
Сіздің варикозды небәрі 30–45 минутта біржола емдеуге мүмкіндігіңіз бар